ӘҢГІМЕ

ӘҢГІМЕ, әдебиетте -оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Ә-нің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композиц., сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Ә-нің көлемі шағын,кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Ә. жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақган баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Қ.Жұмаділов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Т.Әбдіков, т.б. жазушылардың Ә-лері -қазақ әдетиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша Ә-лер туғызып отырған. Мұндай Ә-лер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай Ә-лерді халықар. фольклортануда меморат деп те атайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *