ӘНШІ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫ — қазақ әдебиетіндегі ерекше дәстүр. Ә. а. п-ның ерекше дамыған кезі -19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басы. Қазақстанның әр өлкесінен шыққан өнерпаздар халыққа өнер көрсетежүріп, әншілік-өнермектептерін, орта дәстүрін орнықтырды.
Арқадағы Біржан сал мен Ақан сері маңына бір шоғыр талантты топ жиналса, Маңғыстауда «Адайдың жеті қайқысы» деген атпен белгілі сал-серілер -Шолтаман, Тастемір, Досат, Тұрсын, Жылкелді, Әділ, Өскінбай ел аралап өнер көрсетті. Әнші ақындар композиторлық дарынмен бірге тыңдаушысын арбап алатын сазы, құдіретті даусымен жүртшылыққатанылған. Көпшіліктің ықыласына бөленген. Біржанның «Әңгіме сегіз дуан таңырқаған», «Пар келмеген еш әнші тіпті маған», Әсетгің «Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып, Орман, тоғай, өзенді жамыратып», «Әуелетіп ән салса, әнші Әсет, аққумен аспанда тілдеседі» деуі тегіннен тегін шықпаған. Олар қазақ әнінің классик. биікке жетіп, формалық, әуендік жағынан байи түсуіне шексіз үлес қосқан. Арқадағы үлкен әншілік орта Біржан сал, Бат.Қазақстандағы әншілік мектеп Мұхит атымен, Сыр бойындағы гармонмен айтылатын бір мақам дәстүрі Нартаймен байланысты. Әнші ақындар көбінепәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын жастық шақ, жігіттік арман, ар-намыс бостандығын жырлауға ден қойды. Оған Ақан сері, Біржан сал, Естай, Балуан Шолақ, т.б. ақындардың шығарм-ғын айтуға болады. Әйел затының әдемі көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаған Ақан серінің «Ақтоқты», «Мақпал», «Перизат», ‘Ақсаусақ», «Жамал қыз», «Балқадиша», Үкілі Ыбырай әйгілі Гәккуі»,Естайдың «Қорлан», Қайыптың «Ақбөбек», Сауытбектің «Ақбөбек», т.б. махаббат тақырыбына арналған. Ә. а. шығарм-ғының поэиямызда өзгеше, арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы тарихи әлеум. жағдай ықпалын тигізді. 19 ғ-дағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адаммен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырды. Мәди, Жаяу Мұса, Сары Батақұлы, Иман-жүсіп, Қанапия.т.б, ақындарөлеңдеріндеәлеум. теңсіздіктерді сынады. Мәселен, Жаяу Мұсаның «Ақсисасы» -теңсіздікке, зорлықшыл, қиянатшыл үстем топтардың іс-әрекетгерінедегеннаразьшық пен ыза-кектің уытты күшін көрсететін әлеум. мәні зор туынды. Сол себептерден аталған ақындар шығарм-ғы күрескерлік те қасиетімен ерекшеленеді.