ӘНҰРАН

ӘНҰРАН, гимн (грек. hymnos-мадақтау ән) -салтанатгы ән, мемлекетгік негізгі рәміздердің бірі. Әнұрандардың рев., әскери, діни, т.б. түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек. Кейбір күрделі опера, балет, симфония, хорлар соңы әнұран сипатындааяқталады. Мыс., орыс композиторы М.Глинка «Иван Сусанин» операсын атақты «Даңқ» хорымен бітіреді. Кеңестік дәуірде 1945 ж. бекітілген Қазақстан әнүранының сөзі коммунистік идеологая талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әлі, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М.Төлебаев, Л.Хамиди, Е.Брусиловский, Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *