ӘМІРЕЕВ Махмұтбай (20.2.1942 ж.т.. Қызылорда обл. Жалағаш ауд. Жаңаталап а.) -ақын. Қызылорда пед. ин-тын бітірген (1964). 1964 -66 ж. орта мектепте мұғалім. Қызылордаобл.шығарм.үйініңәдіскері. 1967-71 ж. Қызылорда обл. «Ленинжолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінде корректор. ауд. «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,1979 -85 ж. редактор,жауапты хатшы. 1971 -79 ж. Сырдария ауд. к-тінде нұсқаушы,саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1985 -88 ж. орта мектептің директоры. 1988-98 ж. Қызылорда обл. кәсіподақгар баспасөз орт-ның меңгерушісі. Сырдария ауд. әкімі аппаратында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан обл. «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы. Алғашқы өлеңі» Бұлақ» деген атпен 1958 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланған. «Жүзім бағы» (1976),»Қызыл жыңғыл» (1978),»Ақсәуле» (1984), Сыр әндері» (1994),»Сыр жырлары» (2000),»Жылдар,
жырлар» (2002)жыр жинақтары жарық көрген. Ә. «Қызылорда вальсі»,»Қимаймын»,»Шалқиды ән»,т.б. 100-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. «Еңбектегі ерлігі үшін медалімен марапатталған.