ӘМІРБЕКОВ Көпен

ӘМІРБЕКОВ Көпен (29.3.1950 жт., Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Шәуілдір а.) -ақын, сатирик. ҚазҰУ-ды бітірген (1973). 1975-1980 ж. «Ара» журналының бөлім меңгерушісі, 1980 -82 ж. «Білім жәнееңбек» (қазіргі «Зерде») журналының жауапты хатшысы, 1982 -84 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, 1984 -1990 ж. » Ара» журналының жауапты хатшысы, 1990-1992 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі. 1990 -1992 ж. ҚР бас прокуратурасында баспасөз хатшысы. Ш92 -1995 ж. ҚР Жоғары сотының баспасөз хатшысы, 1995 -1996 ж. «Ара -Шмель» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Көбінесе сатира жанрына қалам тартқан. «Аты жоқ кітап» (1977), «Алып» (1980),»Тілім қышып барады» (1981),»Қысыр әңгіме» (1983),»Ауыз бастырық» (1990),»Мың бір мысал» (1991),»Неменеңе жетісіп күлесің?» (1994) сықақ өлең кітаптары жарық көрген. И. Крыловтың. С.Маршакың, С.Михалковтың және лезгин сықақшысы Жамиддиннің жекелеген мысалдарын қазақшалаған. Халықар. «Алаш» сыйл. лауреаты (2005).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *