ӘМЕТ БАТЫР

«ӘМЕТ БАТЫР»-Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» эпостық жырының жеке батырлар цикліне енетін жыр. Толық нұсқасындағы жырды Мұрын жыраудың айтуынан 1948ж. И.Ұйықбаев жазып алған. Басынан аяғына дейін 7-8буынды жыр үлгісімен шығарылған. Қырымның қырық батырының бірі Алаудың жолын қуып батыр болған Әметтің ел қорғау жолындағы ерлік істері баяндалады. Жырдың басты идеясы -Отанды жаудан қорғау,ел бірлігін уағыздау болса,екінші жағынан ислам дінінің әсері де қылаң береді. «Ә. б.» жырыалғаш рет»Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының 12-томында (1990) жарияланды. Бұдан басқа батыр туралы халық ертегісі негізінде шығарылған ертегі -дастан да белгілі. 7-8буынды жыр үлгісіндегі «Әмет» дастанын жинаушы Ғ.Ахметүлы ел аузынан жазып алып,Ф.Ғатауов Орт. ғыл. кітапхана қорына тапсырған. Дастанның басты кейіпкері Әмет жеріне адал. отан сүйгіш,аңғал батыр бейнесінде суреттеледі, ел билеушілердің опасыздығы әшкереленеді. Шығарма нұсқасы Орт. ғыл кітапханасы қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *