ӘЛІПБИЛІК КАТАЛОГ, кітапхана ісінде — әліпби ретімен автордың аты-жөні немесе шығарманың атауы жазылған деректер жүйесі. Ә. к. анықтамалық-ақпараттық мағлұмат береді. Ә. к. бойынша нақты бір кітаптың,басылымның,белгілі бір автор еңбектерінің қай тілде,қандай басылымда жариялағанын тез анықтауға болады. Ә. к.кітапханада жинақталған кордың авторлық құрамын да айқын көрсететін болғандықтан кейде оны авторлық каталог деп те атайды. Егер Ә. к-ы әр түрлі тілдерде шыққан басылымдарды қамтитын болса, онда әр тіл бойынша жеке әліпбилік қатар жасалады. Ә. к-ты типі мен салалық бағыныштылығына қарамастан барлық кітапханалар бірдей тәртіппен жасақтайды. Ірі кітапханалардың қызмет бабындапайдаланатын Ә. к-ы әдетте б а с каталог қызметін де атқарады. Бірқатар кітапханаларда оқырмандардың Ә. к-ы, сондай-ақ жеке қорлар каталогтары жасалады.