«ӘЛ-ШАРХИЯТ», Шығыс жинағының 43-басылымы (1914) -Абай мен М.Дулатов өлеңдері тұңғыш рет орыс тілінде жарияланған кітап. Қазақтың ұлы ақындарының шығармаларын басқа тілге аударып басудың алғашқы тәжірибелерінің бірі. Мәскеудегі Шығыс тілдері (Лазарев) ин-ты дайындаған бұл жинақ көрнекті шығыстанушы А.Н. Веселовскийдің құрметіне шығарылған. Жинаққа Абайдың «Жаз», «Желсіз түнде жарықай»,» Адамның кейбір кездері», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», Міржақыптың «Мұң», Қазақ халқының бұрынғы мәслихаты», «Қазақ жерлері» деген өлеңдері енген. Аудармашылар -Мәскеудегі Петров-Разумова. ш. академиясының студентгері Сатылған Сатаев пен Нүх Рамазанов. Өлеңдер жартылай қарасөзбен аударылған. Аударманың көркемдік дәрежесі қанағаттанарлықтай болмағанымен, шығармалардың рухы шыншылдықпен жеткізілген. Бұған қоса Н.Рамазанов Ә.БөкейхановтыңОрыс геогр. қоғамының Семей бөлімшесі жазбаларыңда жарияланған (1907.3 басылым) макаласы негізінде Абайдың өмірбаянын берген.