ӘЛМЕЙІН (шамамен 19 ғ-дың 50-жылдары қазіргі Жамбыл обл.Қордай ауд. -1934, сонда) — айтыскер ақын. Ел аузында сақталған өлеңдеріне қарағанда, Ә. тапқыр да батыл, өр ақын болған. «Менің атым Әлмейін», «Ноғайбайға», «Өтеген атқан таңдай күннен туған», т.б. өлеңдері сақталған. Ақын мүрдесі Ақылытас зиратында жерленген.