ӘЛМАШҰЛЫ Жолтай (14.2.1957 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Қыраш а.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1974 -79). 1979 -89 ж. Қызылорда обл-нда газеттерде, комсомол жұмысында болды. 1989 -91 ж. Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. 1991 жылдан Қазақстан КП ОК-ніңаппаратында, Президентпен Үкімет апараттарында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары секілді қызметтерін атқарған. Бүгінде Республикасы Үкіметтік басылымдарының бас редакторы. «Біздің команда»,»Күнтәртібі»,»Жетімжұлдыздар», «Сұлтанбек Қожанұлы», «Нәзір Төреқұлұлы», «Найзашың», «Әуезовке қайта оралу», «Қызыр қонған Түркістан», «Сұлуды сүю», «Қасиетті мекендегі қала», «Ахмет Ясауи қаласы», «ӘзіретСұжан аңызы», «Зов Свободы» кітаптарының, «Оянған ұрпақ», «Ұмытылған ұрпақ», «Күлкі мен жас» романдарының, бірнеше драмалық шығармалардың авторы.