ӘЛИХАНОВ Мүбарак Ісләмұлы (шамамен 1884. бүрынғы Семей обл. Өскемен уезі Себе болысы -1929. Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд.) -қазақбайы, болыс, шежіреші. Найман тайпасының сары жомарт руынан шыққан. Ә. жасында орысша білім алған. Ол Тоқтамыс хан жаздырған қазақ шежірешілерін жинастырып, «Мүбарак шежіресі» деген атпен құрастырып сақтаған. Ә. Қазақстандағы ірі байлардың қатарында отбасымен Қырғызстанға жераударылған (1928). 1929 ж. еліне жасырын оралып,туған жерінде қайтыс болған. Ұрпақтары Қырғызстанда тұрады.