ӘЛДИБЕКОВ Бақыт Беделханұлы (1975. Алматы обл. Ұйғыр ауд. Шонжы а.) Абай атынд. ҚазҰПУ-ды (1996),аспирантурасын (1999) бітірген. 1999 -2005 ж. Астанадағы «Елорда» баспасының редакторы және Қ.Куанышбаев атынд. қазақ муз.-драма театрында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бері «Қазақстан» ұлтгық телеарнасында қызметкер. «Толқыннан толқын туады», «Карлығаш»,»Жас ақындардың антологиясы»,»Қос ішек» атты ұжымдық жинақтарға топтама өлеңдері енген. Ә-нің «Махамбет» (2003) атты поэтикалық драмасы Маңғыстау обл. муз. драма театрында сахналанды. Т.Айбергеновтің 60 жылдығына орай өткізілген жас ақындар жыр мүшәйрасының (1997). Халықар. » Шабыт» фестивалінің лауреаты (2002). 1998 ж. «Кең дүние», 2001 ж. «Көкемарал» жыр кітаптары жарық көрген.