ӘКІРАМ Ғалимов Меңліғалымұлы (17.11.1892. Астана -7.8.1913. Ресей. Челябі обл. Троицк қ.) — ақын, жазушы, драматург, педагог. 1905 ж. Троицкідегі «Рәсулия» медресесінде оқиды. Медресенің бастауыш бөлімін бітірген соң, Қостанай маңына қоныс аударып, қазақ балаларын оқытқан. 1911-13 ж.тұңғыш қазақ журналы «Айқапта» қызмет істеген. Тырнақалды өлеңдері осы басылым беттерінде жарық көрген. Туындыларын татар және қазақтілдерінде жазған. Қазақтілінде «Жастық жемістер» (1912) өлеңдер жинағын жариялап, «Бақытсыз сұлу» повесін, татар тілінде «Май мәселесі» (1913) атты сықақ пьесасын жазған. Сонымен қатар «Ақмола», «Шора», т.б. журналдарда көптеген өлең, әңгіме, мақалалары басылып тұрды. Ә-ның «Замандастарға», «Қыста», татар тілінде жазылған «Бақытсыз сұлу», т.б. шығармалардың авторы. Ағылшын ақыны Дж.Байронның, татар ақыны Ғ.Тоқайдың бірқатар өлеңдерін қазақтіліне аударған.