ӘКПӘР Мәжитұлы (16.4.1954жт., Қытай, ШҰАР, Іле аймағы, Қорғас ауд.) -жазушы. Ләнжоу ун-тін бітірген (1976). 1976 -1980 ж. Іле обл. парткомында қызметкер, 1981 -1985 ж. «Ұлттар әдебиеті», » Қытай жазушылары» журналдарында редактор,1985 -1995 ж. Қытай жазушьшар одағында аз ұлттар әдебиеті басқармасында басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 1995 жылдан «Ұлттар әдебиеті» журналы бас редактордың орынбасары. Әдебиетке 1978 жылдан араласқан. Шығармаларын Қытай тілінде жазады. Қазірге дейінгі «А, он бес жасар Халидай», «Көгаршын, көгаршын», «Ханымның сандығытүбіндегітізімдік»,»Ақсаққұлан» қатарлы әңгіме-повесть жинақтары жарықкөрді. Шығармалары бірнеше шет ел тіліне аударылған. Жазушы ҚХР-дағы қазақтардың өмірін қытай тілінде жазуымен ерекшеленеді.