ӘЗІРБАЕВ МҰРАЖАЙЫ

ӘЗІРБАЕВ МҰРАЖАЙЫ — Қазақстанның халық ақыны Кенен Әзірбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы. Жамбыл обл. Қордай ауд. Кенена-нда орналасқан. 1981 ж 13 наурызда ашылған. Мүражай, негізінен, үш көрме залдан тұрады. Мұражай қорына арналған қосымша бөлме бар. Ақынның бейіті де осы жерде, оның басына көктастан ескерткіш орнатылған. Мұражай залдарында әнші әрі композитор ақынның өмір жолын, шығарм-ғын бейнелейтін 961 экспонат жинақталған. Олардың ішінде ақынның 13 жасында жасатқан домбырасы, қырғыз манабы Шәбденнің асында жыр алыбы Жамбыл сыйлаған күміс белбеу, екі мәрте Соц. Еңб. Ері атағын алған Ж. Куанышбаевтың Хантаудан әкеп сыйға тартқан мәр-мәртасы құнды экспонаттар болып есептеледі. «1916 жыл», «Ұлы Отан соғысыжылдарындағы ақын шығармашылығы»,»К.Әзірбаевтың 100 жылдық тойы», «Кенен және өнер қайраткерлері» деп аталатын арнайы ұйымдастырылған бұрыштар ақынның өмірінен мол мәліметтербереді.1981 ж. мұражайдың ашылуына байланысты ақын өмірі мен шығарм-ғы туралы «Жамбыл мұрагері», «Кенен қанаттары» атты фильмдер түсірілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *