ӘЗІРБАЕВ Кенен

ӘЗІРБАЕВ Кенен (22.6.1884. Жам-был обл. Қордай ауд. Мәтібұлақа. -12.4.1976. сонда. Кенен а.) -халық ақыны,әнші,халық композиторы. Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (1956). Ән-жырды әуелі ата-анасынан үйренген Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастаған. «Бозторғай», «Көк шолақ» әндерін шырқайды. 1916 жылғы халық азаттық қозғалысының үгітші-сарбазы. «Оналтыншы жыл»,»Қайран елім», «Аттан», «Бұлбұл» әндерін, «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлаған. Қазақ,қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып, айтысқа түскен, ән сайысына араласқан. 1921 ж. Қордай рев. к-тінің төрағасы болған. 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ өнері онкүндігіне қатысьш, «Жаңа заң» әнін шырқаған. 2-дүниежүз. соғыс кезінде ел арасында мәдени-үгіт бригадасын басқарып, халықтың қаһармандық ерлігін, жеңісін жырлаған. «Біз жеңеміз»,»Майданға сәлем», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр» сияқты көптеген өлең-жырлар шығарған. Ә. -ең алдымен әнші ақын. Оның алғаш рет қазақ, қырғыз еліне бірдей танылып,ақын атануы «Көпшілік көрсін әнімді» әнінің тууымен байланысты. Қазан төңкерісіне дейінгі «Менің өмірім»,»Құрдасыма», «Құрдасымның сөзі»,»Қойымды Аянбайға кеттім қосып», «Даяшылар», «Жеті қойды жоқтағаным»,»Түйе» деген өлеңдері бар. 150-дей ән толғап,оның өлеңін жазды. Оның әншілік, композиторлық болашағына әнші-жырлардың, домбырашы-күйшілердің әсері зор болды. Әсіресе ол Жамбыл, Сарыбас,Балуан Шолақ, Шашубай сынды белгілі әнші-ақын композиторлардан үлгі-өнеге алды. «Ой жайлау»,»Бұлбұлға», «Көкшолақ», «Октябрь», «Колхоз әні»,»Біздің Отан жеңеді», «Елімнің ерке жастары»,»Жайнады таңым жайнады», «Жас малшылар әні», «Айға ұшқан ақиық»,»Қордай»,»Қазақстан», «Қос батыр», т.б. әндердің авторы. Ә-тің композиторлығы жайында Қазақстан өнер зерттеушілері А.Қ. Жұбанов. Б.Г. Ерзакович еңбектер жазды. Ә. айтыс жанрына ерте араласқан. Шалипа (1898), Ләтипа (1921), Кенжеқожа (1938),Әбдіғали (1943), Бопипа (1961),Есдәулет( 1963) ақындармен айтысқан. Дастан жанрын да жастайынан жырлаған. «Шөпке барғанда» (1898), «Құдалар» (1920),»Әли батыр» (1916), «Қырғызбай» (1916 -17), «Кененбай -Кербез» (1936), «Бұрынғы өткен батырлар (1947),»Жалғыз қаз» (1960),»Жамбыл -жыр» (1971)толғау, дастандарыбар. Республика жұртшылығы 1959 ж. ақынның 75 жасқа, 1974 ж. 90 жылдығын кең көлемде атап өтті. Ә. халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын есіне мол сақтаған, оның айтуынан жазып алынған фольклорлық мұралар Әдебиет және өнер ин-тының қолжазба қорында сақтаулы. Ол -жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүрген. Бұған оның екі жүзден астам өлең, арнау, толғаулары айғақ. Бұл туындылары әлденеше рет жинақболып шықты. «Өлеңдері» (1947),»Әли батыр» (1949, 1951 ж. қазақ, орыс тілінде), «Өлеңдері мен дастандары» (1952), «Әндері» (1955), «Өлең, дастан, ән текстері» (1961),»Өмірімнің әндері» (1961). «Шығармаларжинағы» (1967), «Аңыздар сыры» (1969),»Алатау шыңы» (1974)
жарияланды. 1984 ж. ақынның 100 жылдық толу мерейтойы өткізілді. Оған арналып респ. ақындар айтысы ұйымдастырылды. Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, даусым», орыс тілінде «Песни гор и степей» кітаптары жарық көрді. Деректі кино-телефильмдер түсірілді. Ә-тың есімі Жамбыл обл. Қордай ауд-ндағы Қасық орта мектебіне, Алматы қ-ндағы бір көшеге, Жамбыл қ-ндағы кинотеатрға берілген. Құрманғазы атынд. Алматы консерваториясының және бұрынғы Шымкент мәдениет ин-тының үздік студенттері үшін Ә. атынд. стипендия тағайындалған. Жамбыл обл-нда ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен Кенен ауылы аталады. Онда Ә-тың мұражай-үйі жұмыс істейді. Ленин (1974), Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет белгісі» (1945) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *