ӘЗІМҚАН Тышанұлы (1929. Алтай аймағы, Қаба ауд. -1993. ҚХР. Үрімжі қ.) -әдеби аудармашы,зерттеуші ғалым. Үрімжі қ-ңдағы Тіл ин-тын бітірген (1948). 1950 ж. қоғамдық қызметін Алтайдан бастап кейін келе Үрімжідегі Шыңжаң халық баспасында өмірінің соңына дейін жұмысістеді. Қытай халқыныңтарихи классик. шығармаларын «Үш патшалық қиссасы» (Тарихи роман), «Тад дәуірі» (таңдамалы өлеңдер), «Су бойында» (тарихи роман),»Қызыл сарай түсін» (тарихи роман) қазақ тіліне аударған. «Әр елдер әуені» атты шетел әңгімелері топтамасын. «Мұнарлы жаңбыр» сынды көркем аударманы оқырманға ұсынды. «Әдебиет сыр шертеді» (Үрімжі. 1994) ғыл. мақалалар топтамасы жазушы қайтыс болғаннан кейін жарық көрген.