ӘДЕБИЕТ ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛАРЫ

ӘДЕБИЕТ ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛАРЫ-әдебиеттану ғылымының терминдері мен ұғымдарын, әдебиет тарихындағы елеулі құбылыстар мен оқиғаларды, ақын-жазушылар, әдебиетганушы ғалымдар, сыншы-зерттеушілердің әліпбилік-пәндік ретпен жүйелеп беретін ғыл.-анықтамалық басылымдар. Ә. э-нда әдеби мұражайлар, ірі тұлғалардың мұражайлары, портретгері, әдебиетке қатысты иллюстрациялар, библиогр. мәліметтер де беріледі. Ә. э-ның әмбебап, ғұмырнамалық, библиографиялық, анықт а м а л ы қ, т.б. түрлері бар. Жарық көрген Ә. э-ның ішіндегі іргелілері: «Әлем халықтарыныңмифтері» (1 -2 т.. М.. 1980 -1982). «Әлем әдебиеті мен өнерінің үлкен сөздігі» (Сеул, Корея, 1962), «Әлем әдебиетінің энциклопедиясы» (Токио. Жапония, 1973). т.б. Ә. э. Қазақстанда 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап жарық көре бастады. Негізінен, олар анықтама түрінде болады: «Қазақстан жазушылары. 1917 -1967» (А..
1969). «Қазақстан жазушылары: Анықтама» (А„ 1982). «Советтік Қазақстан жазушылары» (А.. 1987),»Қазақстан жазушылары» (А.. 2004). т.б. 1995 ж.тұңғышғұмырнамалық «Абай» энциклопедиясы. «Қазақ әдебиеті» жарық көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *