Жерім осы – тығырыққа тірелген

Жерім осы – тығырыққа тірелген,
Қашанғы осы жүремін, – деп – шідермен
Мансап деген мәртебелі мырзаны
Муза-Қызға айырбастап жібергем!
Сонда Мансап айғай салды: «Серігім!»
Құшағында кеткенің бе перінің?
Мархабатты жігітіңді іздерсің
Махаббаттың… басқаннан соң желігін…
Бесігінен жеткенінше молаға,
Пендеңіздің қу құлқыны тола ма?
Жоқ нәрседен бар жасайтын мен ем ғой..
Мына сұлу саған тұтқа бола ма?!
Не таппақсың ғұмыр кешіп елеспен!
Асқақ ұл ең айдарынан жел ескен…
Муза-Сұлу – адамзаттың жеңсігі
Ал… мен – сенің өзіңдікі емес пе ем?!
Зиян көрген жерің бар ма менен еш?
Жи есіңді! Соққаны ма сел-елес?!
Адамзат деп өмір сүрген көзсіздің
Біріншісі… соңғысы да – сен емес!..»
Жөн айтады. О, бәрін де білем мен!
Сонда-дағы тығырыққа тірелмен,
Мансап дейтін мәртебелі мырзаны
Муза-Қызға айырбастап жібергем…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *