ЖАЗУЛАР

Күйкілікке
Тиейін жасынға ұқсап жасап бүлік.
Қоймайын пәктігіне тас аттырып!
Қанжарға – оңбағанның басын алған
Сөзім бар жазатұғын қашап тұрып!
Көп бейне көз алдымнан көлеңдеді,
Елестеп Өмір-нәма өрендері.
Сіз ғана оқитұғын сол қанжарда
Жазулы – Спартактың өлеңдері.
Өлең-құс ұшқан сайын ұзап менен,
О, сұмдық, есуасқа ұқсап келем:
Жазар ма ем бір жырымды, қағазға емес, –
Бір арсыз бетке өткір Пышақпенен!..
Соғыстар кеткен елді араз қылып,
Бұза ма Жер тынышын тағы азғырып?
Мың рет Хиросима хикаясын
Жазар ма ем ғасырымды қағаз қылып!
– «Жақсы сөз – жарым ырыс» аман шақта
Өзіңдей ақын керек адамзатқа.
Алтынға қарағандай аң–таң қалып
Қарайтын кез келеді қаламсапқа…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *