Маған жаттай жас дәурен, ғашық әні

Маған жаттай жас дәурен, ғашық әні,
Қайран жаным қай жаққа асығады.
Хиросима туралы шерлі жырым
«Коммунизм таңында» басылады…
Кім бар менің үнімді есіткендей,
Кім жүр ессіз елесті кешіп мендей?
Алматыға жіберген өлеңдерім
Алыс шаһар болған соң… кешіккендей.
Шыдай алмай осы бір масқараға
Алматыға тартсам ба – бас қалаға?
Ақындардың ауылда туып, сонсоң
Өлетіні рас па – астанада?
Рас болса, жөнеуім қажет демде,
Қар күрт еріп, құстар кеп мәз еткенде.
Анда-санда… Ғаламды тану үшін
Көз салармын аудандық газеттерге.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *