Ала құс басын қозғап бір

Ала құс басын қозғап бір,
Аспан айналып бара ма?
Адамзат кейде күліп тұр, кейде боздап тұр –
Жындыханада!
Айығар ма екен дерті бұл?
Аттан сал, мейлің, тістен кеп,
Маскүнем қазақ барда отыр мас боп:
«Мен түгіл, –
Мұқағали да ішкен!» деп
Есениндер-ай, өмірі – өсек, сандалған…
Сол қаңқу қалар ұзаққа.
Қазақтан-дағы мас ақын көрсем – таң қалман,
Жынға жын тиіспейді бұ жақта.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *