Тентегі мен телді салып тезіне,
Құл-құтанды тәнті қылған өзіне, –
Совнаркомның төрағасы, тәкәппар,
Сәкен ағам елестейді көзіме.
Көкіректе күлкімнен көп екен мұң.
Сонда-дағы өзіме-өзім бекеммін,
Бір қауымға әйгілі ақын болғанша,
Бір ауданға әкім болмаған екенмін.
…Осы ойменен шерменде боп кетермін
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК