ӘДЕБИЕТ

ӘДЕБИЕТ (араб. адаб -сөз, үлгілі сөз деген мағынада) -өнердің негізгі бір түрі сөз өнерінің ғылыми атауы. Қазақ әдебиеттану ғылымында 20 ғ-дың 20-жылдарынан бері «литература» (лат. litteratura-жазылған) терминінің баламасы ретінде қолданылып келеді. А.Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқышында» Ә-ке: «Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша -асыл сөз, арабша -әдебиет, еуропаша -литература» -деген анықтама береді. Еуропада «литература» термині кітап басу ісі өркендеген 18 ғасырдан бергі кезеңде ғанаайтыла бастаған. Қазіргі уақытта Ә. терминінің колданылу аясы кең, жалпы жазба мәдениет туындыларынақатысты да айтылады. Мыс., ғыл. Ә.. техникалық Ә.. анықгамалық Ә.. Т.С.С.. бірақ Ә терминінің сөз өнері яғни көркем Ә. ретіндегі мағынасы басымырақ. Ә-тің бастау көзі -халықтың сонау ерте дәуірлерде шығарған өлең-жырлары, мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, аңыз-ертегілері. Халықауыз әдебиетінің таңдаулы туындылары, озық дәстүрлері, сол ұлттық кәсіби жазба әдебиеті қалыптасып, өркендегенде де өзінің құнын жоймайды. Көркем Ә-тің өсіп-өркендеуі -тарихи процесс. Қоғамның дамуына халықтың мүддесіне, тілек-талаптарына сай Ә. те өзгеріп, дамып отырады. Ә. қоғамдық ой-сананың басқа салаларымен де сабақтасып, халықтың дүниетанымы (философия),адамгершілік ұғым-түсініктері, наным-сенімі, эстет. түсініктері -бәрі-бәрімен жалғасып жатады. Сонымен бірге Ә-тің дамуы -сөз өнерінің өз заңдылықтарымен, саяси ой-пікірлердің өріс алуы, халыққа білім беру, ағарту ісінің, баспасөздің өсу дәрежесі, ұлттық дәстүрлер мен халықтың көркемдік ойлау, сөз қолдану, тіл ұстарту ерекшеліктерімен тығыз байланысты болады. Жазба әдебиетінің қазақ топырағында жаңаша үлгіде өркендеп кемеліне келген тұсы -Абайдың әдеби шығармашылығы. Абайдың көркемдік дәстүрлері 20 ғ-дың бас кезінде қазақ әдебиетінде Шәкерім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығында жалғасты. Қазақ әдебиетінде поэзия, көркем проза, драматургия катар өрістеп, жазба әдебиетінде көптеген жана жанрлық түрлер, үлгілер калыптасып дамыды. Бұларға қоса публщистика, көркем аударма әдеби сында қанат жайьш, әдеби процестің ауқымынкеңейте түсті; қ Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *