Тоқырауынның ұстады биыл бақсысы.

Тоқырауынның ұстады биыл бақсысы.
Осында бүгін қазақтың игі жақсысы.
Өткізіп жатыр өткелден сыйлы мейманын,
Әкімі осы ауданның, хатшы, атшысы.
Жазғытұрым.
Судың асты – мұз үңгір.
Ей, мынау кім?
Жапқан жарқын жүзін нұр –
Алты Алашы аузына қарап отырған
Ақын ағам мұз үңгірде жүзіп жүр!
– Қалай екен біздің өзен, ағасы?
Ыстық па екен Ақжайықтың суынан?
Суық па екен Ақжайықтың суынан?
Момын ба екен Ақжайықтың суынан?
Тентек пе екен Ақжайықтың суынан?
Терең ойға батам мен,
– Турист деп пе ең мені келген жат елден?
Баяғыда түсіп кеткен су ғой бұл,
Ақмаралдай керілген бір апаңмен!
Мұзды мұхит болмаса да – мұз үңгір,
Мұз үңгірде жапқан жарқын жүзін нұр –
Алты Алашы аузына қарап отырған
Алпыстағы ақын ағам жүзіп жүр…
Асау толқын барады оны қайда алып?
Жағалауда оқшау ойға байланып,
Ақмаралдай керілген сол апаммен,
Ақыннан да тұрмын іштей айналып.
Онда ақынның қылшылдаған кезі еді,
Бұдан да асау Тоқырауын өзені,
…Әлемдегі құдіретті,
Әйелдер
Қалай осы жер түбінен сезеді…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *