Феникс құсқа сай – тегім.
Бардан жоқ болып, жоқтан бар болдым
Мен неше.
Сен, мемлекет болсаң, қайтемін,
Мен – халықпын, ендеше.
* * *
Сұлу қыз,
Бал шарап –
Омар Хаям рубайлары,
Кез болды кейін бізге удайлары…
Дауасы кем емес бір шаманыңнан,
Ес жисақ түнде құлап, таң алдынан –
Мас болып өте шыққан екенбіз ғой,
Елтай мен Колбиндердің заманынан.
Қотарып сіміргенде қалыс қалмай,
Итпен де, құспен де іштік намыстанбай;
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК