Биылғы қыс қабағын түйіп кепті

Биылғы қыс қабағын түйіп кепті,
Қарашада қарын да үйіп төкті.
Қарқаралы қалжырап суға зар боп,
Қанша шалғын шілдеде күйіп кетті.
Уайымдама бір барам қасыңа, анам,
Көкірегімде көк пен жер, ғасыр алаң.
Қара сиыр қартайып етке өткенде,
Ала сиыр еді ғой асыраған.
Түсіме еніп ол неге мұңданады,
Бұлт астында бұлыңғыр күн барады.
…Ала сиыр аш қалса, Ақсұңқардың,
Тұқымынан бұл жақта кім қалады.

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *