О, Шырағым…
Жанып – өшкен!
Сүйші мені танып естен!
Алақұйын сезім лықсып,
Аумай барам жарыместен.
Сиқыр сұлу қалпыңа көш,
Көзді арбасын алтын елес.
Естен танып сүйген сені
Ешкім менен артық емес!
Бөтен отқа күймегендей,
Бөгде еркекті сүймегендей –
Алда бәрін,
Арба бәрін!
Несіне оның таңқаламын?
Аяғыңа жығылсын кеп
Ақыл-ессіз аңғалағың.
Арба бәрін!
Жалғанда ыстық жар екенін,
Онсыз – дүние тар екенін: –
Махаббат жоқ десе біреу
Көрсет оған –
Бар екенін!
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК