ӘДЕБИ СЫЙЛЫҚТАР

ӘДЕБИ СЫЙЛЫҚТАР — үздік әдеби шығармалары үшін қаламгерлерге көрсетілетін құрмет, беріліп тұратын марапат, көтермелеу сыйлықтары. Әлемде Ә. с-дың түрі көп. Олардың ішіндегі ең танымалысы Нобель сыйлығы. Кеңес Одағында берілетін Ә-дың ең жоғарғы түрі -Лениндік сыйлық болды. Ол алғаш 1925 ж. В.И. Ленин атынд. сыйлық ретінде белгіленді. 1935 -57 ж. аралығында берілген жоқ. 1956 ж. қайта тағайындалды. Қазақ ақын, жазушылардың ішінде бұл сыйлыққа ие болған бірден-бірқаламгер М.Әуезов (1959 ж. «Абай жолы» эпопеясы үшін). Онан кейінгі мәртебелі сыйлық КСРО Мемл. сыйл. болды. КСРО Халком-кеңесінің 1939 ж. 20 желтоқсандағы қаулысымен белгіленген бүл сый-лық 1941 -52 ж. Сталиндік сыйлық деп аталып келген. 1966 ж. КСРО Мемл. сыйл. болып белгіленді. Ол жыл сайын Қазан төңкерісі мерекесі күні беріліп түрды. Сталиндік сыйлықтың ең алғашқы лауреаттарының бірі Ж.Жабаев (1941), «Абай» романының алғашқы екі кітабы үшін 1949 ж. М.Әуезов 1-дәрежелі Сталиндік сыйлыққа ие болды. КСРО Мемл. сыйл. алған Қазақ жазушылары Ә.Нұрпейісов (1974, «Қан мен тер» романы үшін), Ж.Молдағалиев (1978.»Қырандала», «Сел» поэмалары үшін). Әдебиет саласындағы үздік шығармаларға 2 жылда бір рет берілетін Қазақстан Мемл. сыйл. Казақстан КП ОК мен ҚазКСР Мин. Кеңесінің бірлескен шешімімен 1965 жылғы 15 наурызда тағайындалған. (қ. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы), Отандық жазушыларды үздік шығармалар жасауға ынталандыру мақсатында Қазақстан Жазушылар одағы 1992 ж. халықар. «Алаш» сыйлығынтағайындады. Ол баспадан жарық көрген жаңа туындылардың үздік деп табылғандарына екі жылда бір рет беріліп тұрады. Әр жылдары Қазақстан Жазушылар одағыныңжыл сайын үздік шығармаларды марапаттап отырған М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Мақатаев, т.б. атынд. сыйлықтары болған. Сондай-ақ Кеңес Одағы кезінде жас әдебиетшілерге үздік шығармалары үшін БүкілодақтықЛенин комсомолы,
Қазақстан Комсомолы сыйлығы беріліп тұрған. Қазақстан дербес мемлекетке айналған соң,жас таланттарды ынталандыру мақсатында мемлекеттік «Дарын» сыйлығы, сондай-ақ Қазақстан Жастар Одағының сыйлығы тағайындалды. 2000 жылдан отандық жазушыларға айрықша табысы, әдебиетгі дамытуға қосқан үлесі және үміт күттірер сәтті қадамы үшін Қазақстан меценаттар клубының үш деңгейлі «Тарлан» сыйлығыберіліп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *