ӘДЕБИ ҚАҺАРМАН — көркем шығармада мінезімен, іс-әрекетімен, ой-толғамымен мейлінше нақтылы дараланып, бейнеленген тұлға. Ә. қ-ның ең жоғары жан-жақты шебер мүсінделген түрі -тип. Әр кездегі қоғамның мақсат-мұратына, эстетик. ұғым-түсінігіне сәйкес Ә. қ-ның түрліше типі болғандығы мәлім. Мыс., қазақ ауыз әдебиетіндегі Ер-Төстік, Алпамыс, Қобыланды, Қыз Жібек, 20 ғ-дағы қазақәдебиетіндегі Абай, Құнанбай, («Абай жолы» эпопеясында), Еламан, Кәлен («Қан мен тер» трилогиясында), т.б.