Кетті бірде ауыл шулап, мұздап іш:
Басқарманың кеңсесінен тал түсте
Естіледі шырылдаған бір дауыс!
Есік – жабық! Құпияны жыр қылған…
Бала-шаға – соғыс іштен тындырған
Қаумаласып: «Бұл не айқай?!» десті кеп.
Кеңседегі құлын дауысы шыңғырған
Жүректерін пышақ құсап кескілеп –
Тұрып қалды бала-шаға…
Бала-шаға – шерлі жасы мол көзде –
Сорлы болды-ау, сорлы болды-ау сол кезде?!
Тұрып қалды. Қауқары бар не істердей?
Қол-аяғын алмас қылыш кескендей!
Басқарманың кеңсесіне ол кезде
Дию ғана кіре алатын сескенбей…
Бала-шаға қолқа қақсап, қол сыздап
Сорлы болды-ау, сорлы болды-ау сол сында
Қорғалаудан басқа бөтен жол қалмай…
Білді сонда бір пәлені сор маңдай
Білді сонда бір сұмдықты… онсыз да
Дүниенің сұмдығы… аз болғандай!
Бала-шаға ұқсап жансыз мүсінге
Тұрды күтіп! Зәрлі ашу бар – тісінде!
Көрді… сонда, көргені ме – күнәсі?!
Көрген қылмыс! Осы ма еді туасы?!
Самат тұрған сонда көптің ішінде –
Зұлымдықтың бүгін тірі куәсі!
Сорлы Самат!.. Бұл да ішінен тұр тынып,
Бала – жүрек ақ парақтай жыртылып…
Ібілісті көрді көзін ашқанда:
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК