Семіп қалған гүл еді ғой ол – күзгі…

Семіп қалған гүл еді ғой ол – күзгі…
Қай жыланға шырын балын сорғызды?!
Сол Мұңлықты жиі есіме алам мен.
Атын оның алау етіп жағар ма ем?
Ел білмесе, мен білемін Сол Қызды –
Бірге оқыған Самат деген ағаммен.
Өрім еді. Серігі еді Саматтың.
Қып-қызыл боп қаны аққан қанаттың
Аққу еді. Ел айтады: «Өлді» – деп.
Лақ еді тұратұғын елжіреп.
Соны ойласа әлі… әлі Саматтың
Көздерінде жас тұрады мөлдіреп…
Өрім қыз-ай, өмір сынды шерлі әні!
Бейіштегі періште еді. Пенде әрі…
Ана болып өмір сүру – анты оның.
Уа, Музам! Ізіне түсіп, тарт оның!
Сол Қызбен бір сыпырып шық сен-дағы
Басқарманың конторын!
Ал Уақыттың пәренжесін сыпырып,
Қаһарыңнан кесір кетпес құтылып,
Уа, Муза, не қалайсың – соны істе!
Тірлік қамы… Ғұмыр жасы – он үште,
Басқарманың кеңсесін сыпырып
Жер үстінде жүрді сол бір Періште
Өзі лайық болса-дағы артистке,
Еркін беріп соғыс деген зар – күшке
Жүрді еңбектеп… Дәуірі оның бізге – алыс…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *