Туған елім, Туған жерді сағынам:

Туған елім, Туған жерді сағынам:
Мен жаралғам соның тамшы қанынан –
Ортаңызда жүрген болсам қарайып…
Сол өлкеңе барайықшы, халайық,
«К–700» балонының шаңынан
Өгіздердің ізін тауып алайық!
«Қызыларай» – қайығы үлкен кеменің.
Сол қайықта өрге жүзіп келемін.
Көз алдымда – көкжиектің белесі.
Кешір мені, Планета Кемесі,
Менің бүгін саған айтсам дегенім
43-тегі қырғынның бір елесі…
Өтті ауылдың үстінен сан дауыл да,
Өтті ауылдың үстінен сан жауын да
Шаң басыпты ат-арбаның жолдарын.
Білесің бе оның сырға мол жанын:
Леонардо да Винчисіз ауылда
Бір перизат Мона Лиза болғанын?
43-еді… Елдің кеткен есесі…
Кетпейді естен тарихымның кешесі.
Сол сұлуды кеш білсеңіз – кешірім…
Танысыңыз: табысқанның несі мін?
«Фатима» деп марқұм әке-шешесі
Арабшылап атап кеткен есімін.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *