ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫСейітхан

ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫСейітхан ( 18.9.1926. ҚХР, Алтай аймағы, Жеменей ауд. Топтерек а. -18.1.1999. Алматы) -жазушы, ақын. 1944 -45 ж. Шығ. Түркістандағы ,ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. 1947 ж. Шығ. Түркістан Жеменей ауд. жастар ұйымының хатшысы. 1948 -54 ж. Шыңжаң халық демокр. одағының Қаба ауд. атқару к-тінің бастығы. Ажай атқару к-ті бастығының орынбасары. 1954 -57 ж. Қытай ком. партиясы Алтай аймақгық к-тінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1958 -64 ж. «Алтай» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қытайдағы мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түседі. 1969 ж. абақтыдан қашып шығып. Моңғолияға өтеді. Қаламгердің үш роман,төрт повесть, екі өлеңдер жинағы моңғол, қазақтілдерінде жарық көрген. Қазақстанда 1981 ж. «Қара боран» романы жарық көрді. 1993 ж. ата мекеніне оралған жазушы «Оспан батыр»,»Бір уыс қан» атты шығармаларын жазды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *