Бұйра шашын маңдайына түсіріп

Бұйра шашын маңдайына түсіріп
Ойға шомып тұрған жұмбақ – мүсіні.
Ең алғашқы сүйген қызым секілді
Еске жиі алам осы кісіні.
Туған жерім… Көгілдірде – тау, шыңым,
Туған елі еді шопан, малшының.
Тез түсінді Қызыларайдың қыршыны
Рязаньның баласының жан – сырын.
Жүрегімнен сиқыр әуен дір етті.
Өн бойымда өмір – Күннің нұры өпті.
Ешкім де енді тоқтата алмас деп келем
Есениндер оятқан сол жүректі!
 
 
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *