ӘБІЛ Қонысбай Іскендірұлы

ӘБІЛ Қонысбай Іскендірұлы (21.4. 1954 ж.т.. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Көктал а.) -ақын. Қазақстанның халық ақыны (1990). ҚазҰУ-ды бітірген (1977). 1977-1980 ж. Қостанай обл. Жангелдин ауд. «Жаңа өмір» газетінде жауапты хатшы. 1980 -85 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Торғай обл. бойынша меншікті тілшісі. обл. «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары,1990 ж. қалалық «Арқалық арайы» газетінің редакторы,1991 -95 ж. Торғай обл. телерадио компаниясының төрағасы қьвметтерін атқарған. Қазір Астана қ. әкімі аппаратында бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді. Алғашқы жыр жинағы 1980 ж. жарық көрген. Бірнеше прозалық шығармалардың авторы. Ә. -белгілі айтыскер ақын. 1990 ж. Ташкент қ-нда Базар жыраудың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орт. Азия және Қазақстан ақындарының айтысында жеңімпаз атанды. 3-респ. ақындар айтысыныңбас жүлдесін иеленді. Айтыстары «Мәңгітік көктем», «Жыр-шашу», ауызша әзілдері «Деген екен…» ұжымдық жинақгарына енген. «Астана» медалімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *