ӘБДІРАШЕВ Жарасқан

ӘБДІРАШЕВ Жарасқан (7.3.1948. Қызылорда обл. Арал ауд. Аманөткел а. -10.2.2001. Алматы) — ақын. Қазалы а.ш. тех-н (1965). ҚазҰУ-ды (1969) бітірген.1969 -94 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»),»Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жалын» альманағында, «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылародағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі бас редакциясында бөлім меңгерушісі,»Тамаша» ойын-сауық театрында бас редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңі 1965 ж. жарияланған. Алғашқы жыр жинағы -«Тұңғыш кітап» 1969 ж. жарық көрген. Ондаған жыр жинақтарының авторы. Ә. әлем әдебиетіненР.Тагордың. П.Элюардың. Я.Купаланың. К.И. Чайковскийдің. АЛ. Бартоның шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ә. жырлары неміс, венгр, орыс, украин, өзбек, тәжік, әзірбайжа, түркімен, қырғыз, саха тілдеріне аударылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *