ӘБДІРАХМАНОВА Тұрсынхан

ӘБДІРАХМАНОВА Тұрсынхан (5.11.1921. қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Жарма ауд. Бөке кеніші -11.10.2003. Алматы) -ақын, ғалым, филол. ғыл. докторы (1981). Қазақстанның халық жазушысы (1984). ҚазҰУ-ды бітірген «(1959). 1941-43 ж. орта мектепте мұғалім. директор. Абай және Аягөз ауд. комсомол к-ттерінде бірінші хатшы. Шар ауд. партия к-тінде бөлім меңгерушісі. 1949 -54 ж. Алматы қ-ндағы Совет ауд. партия к-тінде нұсқаушы,»Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі,1963 -66 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінде аға редактор. 1969 -86 ж. Әдебиет және өнер ин-тында ағағыл. қызметкер болып жұмысістеген. Ә-ның «Ақын сыры» (1965). «Қасым Аманжоловтың поэтикасы» (1976) ғыл. монографиялары жарық көрді. Алғашқы өлеңдері 1950ж. жарияланған. Тұңғыш жыр жинағы «Ән» 1959 ж. жарықкөрген. Шығармалары көптеген шетел тілдеріне және аударылған. Украин жазушысы М.Стельмахтың «Адам қаны -су емес» романын, орыс қаламгерлері А.Маяковскаяның «Владимир Маяковскийдің балалық және жастық шағы» атты әңгімесін, А.С. Макаренконың «Коммунистік тәрбие туралы» кітабын казақ тіліне аударды. «Парасат» (2002), «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен наградталған. ҚазақКСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. иегері (1985).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *