«Саған, жаным, басқа ару сай еді –
Ақын деген – көңілді адам.
Сондықтан аздап… мұңды болуға тиіс әйелі!»
Жылдар өтті Дауылынан – шаң үстім…
Жетегіне ермей асау ағыстың,
Өзімнің өр сезіміммен алыстым.
Талай қызбен таныстым мен Жердегі.
Бәрібір ол ешбіріне көнбеді,
Бәрібір ол ешбіріне сенбеді.
Он алтыдан келді отыз жасына.
Бір күні мен бір қызды ертіп қасыма
Бардым оның қабірінің басына.
Тұрдық үнсіз ғашық жүрек дүрсілдеп…
Сонда әлгі қыз сырға толы бір тілде
Сұрап еді үрейленіп: «Бұл – кім?» – деп.
Айттым бәрін… ақ тілегін құп алып.
Жанарынан тамшы жастар тұр ағып,
Екеуміз де егіліп бір жыладық!
Сол түні оны түсімде көрдім. Шабытты
Сөйледі ол Шашы ағарып қалыпты:
«Жаным! Саған осы әйел лайықты!
Ұмыт мені! Ұмыт бәрін! Табытты!
Өзгелердің қайғысы үшін жылаған
Адам ғана болуға тиіс бақытты!
Жаным! Саған осы әйел лайықты!»
Ақсұңқарұлы Серік