«Сүйемін!»

Балалық патшалығындағы жылдар-ай, жырақ!
«Сүйемін!» – деп ең сонда Сен.
Арман аңсаған!
Үздіккен Сенің үніңді тыңдамай, бірақ,
Талақ қып тастап кеткен ем…
Таң қалам соған!
Ғұмырымның патшалығындағы жылдар-ай жырақ!
«Сүйемін! – дедім – Сүйемін!»
Сембеді жағым…
«Мен – сөндім – жанып…» –
Дедің де тыңдамай, бірақ,
Талақ қып тастап кеткенсің Сен мені, жаным…
Жөнеуде жылдар беттегі пердені ысырып,
Сенделіп жүріп
Сен де өмір сүріп келесің,
Мен де өмір сүріп…
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *