БЕЛГІСІЗ СОЛДАТ

Аппақ дүние – ақ пілдің сауырындай.
Қыс та келді, лебінің ауырын-ай!
Төмпешік боп қырқада, тәнің мұздап
Мәңгі ұйқыда жатырсың, бауырым-ай!
Бүршік жарған көгі едің Күн иенің,
Тез солдың ғой, қайтейін, күйінемін.
Заман біткен орынын толтыра алмас
Адам біткен – қонағы дүниенің.
Жаз бен қыстар жылда өстіп ауысады,
Жаңа ұрпақтар өмірмен қауышады.
Сайран өңір өзіңді елестетіп,
Қайран өмір төзімді тауысады.
Көктем келер, қар да ерір, жылынса күн,
Көк те шығар көтеріп тұлымшағын.
Жан-жануар оянар жамырап,
Тек
Сенің ұйқың – мәңгі ұйқы, құлыншағым.
 
Осы өмірдің тұлғасы болсақ-тағы,
Екі бөлер ертеңгі жол шатқалы.
Шағылысып келеді Күн нұрына
Сағыныштың мөлт еткен моншақтары..
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *