Чили жатыр қамалып түрмелерге аңырап…

Чили жатыр қамалып түрмелерге аңырап…
Күл боп жанған гүл-бақтар гүлденер ме тағы да?!
Оянар ма Неруда – Ақын Чили – бағынан?!
Түрмелерге қамалып жатыр Чили тағы да!
Чили жатыр қамалып түрмелерге…
Бөлшек-бөлшек жүрегі ананың да, баланың.
Ызалы жас тұнып жанарында налалы.
Дарынсыз сұм пенденің табанында,
Жаралы –
Соғып жатыр жүрегі Неруданың –
Дананың!
Ақын жатыр мұп-мұздай суық көрде… бұлдырап.
Түк айта алмай сүйікті,
Күйікті елге –
Тұнжырап.
«Рухы оның ұшып жүр биіктерде!» – дейміз біз –
Жылатуға бергісіз,
Жұбату ғой – бұл,
Бірақ!
Өлмейді өлең, өлмейді.
Сөнбейді өлең оттары,
Тірілердің қылмысын тергейді өлең – соттары!
Мен ғана ма пір тұтқан ақындарды, гүлдерді?
Менсіз де оның тарихта аты қалды!
Күн көрді…
Германия Гейнесіз қалған кезде,
О, тоба-ай,
Гитлерлер оп-оңай сатып алды тұл жерді!!!
Пешке өртелді Гейненің асау жаны.
Құс біткен
Ұшып жатты Шығысқа… Көргендері – түс тіптен:
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *