Көрінген күйкілігі түр-түсінен,
Кездесіп Сіз кездескен бір кісімен –
Сақылдап күлген неткен рақат ед
Гогольдың қасиетті күлкісімен!
Көп пе екен біз көретін көресі де,
Өрбіп кеп өңшең мысқыл өңешіңе –
Ішек-сілең қатып күлгің келеді екен
Дүниенің күллі күйкі – көмешіне.
Жаза алман сол күлкісіз бір күн өлең.
Көз жасын соныменен сүртіп өлем.
Пенденің неше түрлі пасықтығын
Қарсы алам, міне, осындай күлкіменен!
Күлем мен…
Қасірет жоқ түк қанымда!
Көнбеспіз күлкімізге сұқтануға.
…Қаптаған анекдоттар келе жатыр
Адамды азабынан құтқаруға!
Ақсұңқарұлы Серік