Неткен сұмдық қайғылы еді сол Ақын:
Адамдардан,
Гаваньдардан,
Көшеден
Ресейін іздеп жүрген болатын!
Атамекен, алыстағы құс үні
Маза бермей адасқан сол Ақынға,
Тоқтатып ап көшедегі кісіні
Сұраушы еді Россия хақында.
О, Ресей! – аспандағы арай Күн,
Нұр шуағы кеткен кезіп алабын.
Таңертеңгі газеттерді қарайтын
Киоскісін шарлап бүкіл қаланың.
Келеді іздеп…
Құмары әлі жүр қанбай,
Бауырларға – шет елдегі, біздегі:
«Отаныңды ұмытпа!» – деп тұрғандай
Сол бір шалдың шырқ айналған іздері…
Сол бір іздер әлі жатқан секілді,
Тарихтың да тақсіреті тұр сонда.
Көшелерді,
Бүкіл мына Парижді
Сел нөсерге шомылдырып тұрсаң да –
Өшпейді ол!
Кешіріңіз сіз мені,
Оқырманым:
Отан – ұлы мекен ғой,
Жат елдегі табаныңның іздері –
Тәнге түскен қара таңба екен ғой!
Жат өлкеде жалғыз өзі жүр еді,
Кенет шалдың демі бітіп… тарылып –
Ақсұңқарұлы Серік