ӘКЕ

Келші, әке…
Рух болып қайтып кел,
Рауанға ертегіңді айтып бер.
Ертегіге ұқсайтұғын ертеңі –
Немерең де ұлың сынды ерке еді.
Асыр салды ер жетуге бет алып,
Атасынан естіместен ертегі.
Қара дию қаһарымен қаусырып…
Мыстан кемпір дейтін зұлмат жау шығып…
Ақшам түссе Рауаннан қорқамын
Айтатұғын аңыздарым таусылып.
Кел, көрінші немереңнің көзіне,
Тәнті қылып көнелердің сөзіне.
Сақтап жүрген бір ертегім бар еді,
Оны бірақ, айтам, әке, өзіңе.
Тақ теңселіп, қайтқан кезде бағы кеп,
Сұмырай мен сұмдарға айтып лағынет –
Дат елінің бір королі өлгенде
Соңындағы қалған тұяқ Гамлет –
Әкені ажал әкеткен соң ғайыпқа ап,
Тарпаң біреу таққа қонып байып қап –
Дүниеден баз кешіпті деседі –
Ажалды да, заманды да айыптап…
Өзі ие бола алмай қап өзіне,
Торға түскен арыстандай сезіне –
Қайда жүрсе қайран марқұм әкесі,
Әруақ боп елестепті көзіне.
Қайран, әке!
Таппай тыным, миятты,
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *