Сол еркек жайлы… маған да

Сол еркек жайлы… маған да
Айтпапсың, тіпті, ештеңе?
Мен тұрдым… тұнған мол көзде
Бола алмай ие жасыма.
Сен шошып кеттің!
Сол кезде
Мен жата қалдым қасыңа…
Өзіңнен өзің бүлініп,
Түн ортасында шам жағып, –
Қарадың маған үңіліп,
Қарадың маған таңданып.
Мендегі асқақ рухқа
Шырқырап жаның ілікті.
Аядың!
Аяп тұрып та
Аңсадың әлгі жігітті!
Аңсадың!
Кесіп айта алам!
Мен құсап азап шеккен кім?
Миыңнан шығып қайтадан
Аспанға ұшып кеткенмін…
* * *
Жұмбағы көп тірліктің.
Шешесің бе?
Белуардан жүресің кешесің де.
Қанша адамның көз жасы қалып қойды
Тағдыр деген Өмірдің кесесінде?
Көп нәрсе бар кететін миға сыймай,
Буырқанған мұхиттай бұл ғасырда.
Өмір деген Кітапта қалып қойды –
«Өлім» деген атпенен Хиросима!
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *