Өлеңімді бірақ та тастамадым

Өлеңімді бірақ та тастамадым,
Өртенуден жоқ еді басқа амалым.
Екі арасын жол қылып жүріп алдым,
Ақжарық пен ақ шаңқан астананың.
Әлі содан сыздайды көкірегім,
Кеше гөрші, Тәтетай, өтінемін!
Бір қолқаңды өмірде орындамай,
Кеткеніме керемет өкінемін…
Ие болып малыңа, кетпеніңе,
Тауығыңа жем шашып, кептеріңе,
Қара болып қасыңда жүрер ем ғой
Өлеңімді тастап-ақ кеткенімде.
Маза бермей жаныма қойған ба бұл
Мені үнемі батырып ойларға бір, –
Ойрантауға көздерім түскен кезде –
Көтерілген кеудемнен ойран-дауыл?
Талғанын көр құсыңның қанатының,
Ақжарықтың әуені – салатыным.
Аспаныңнан күңреніп тіл қатады
Ана сүтін емізген ана тілім.
Өлеңімді сонда да тастамадым,
Өртенбеуден жоқ еді басқа амалым…
* * *
Сыртқа шықпай бұрқанған жасын әні,
Қыздар ойын тереңге жасырады.
Жүрегінде құлып бар… кілтін ашсаң,
Қақпа біткен айқара ашылады.
Қияда да жол тауып, шатқалаңда,
Алшаң басып аяқты аттағанда –
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *