МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР

Махаббат, қызық мол жылдың
Қызуын айту мақтан ба?
«Мен оқушы едім сол жырды
Газетке шықпай жатқанда…»
Ал, мен ше?
Ал… мен не дейін?
Үндемей қалды демессіз.
Бір өлең оқып берейін,
Абайдан әулие емеспіз.
«Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар,
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау, құрғырлар…»
* * *
Менің ішкі дертімді сезеді ме,
Өксіп келіп тығылып өзегіне,
«Өлеңіңді тасташы, – дейтін Тәтем, –
Өгей бола қоймассың өз еліңе.»
Алыс мұрат жеткенше зарықтырып,
Ақ тілегі алдымды жарық қылып:
«Айналайын, абай бол» дейтін сонсоң
Ақжарықтан шығарып салып тұрып.
Көз ұяма көл тұнып, тұманданып,
«Иә…» дей сап жөнелем бұлаң қағып.
Аңдап басып, абайлап жүре алмайтын
Аяғыма қараймын күмәнданып.
Жасынынан жанымның от өріліп,
Өзегімнің өксігін өтер ұрып.
Ойрантауға көздерім түсуші еді,
Ойран дауыл кеудемнен көтеріліп.
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *