Әлжеке, мені ғафу ет, бізді ғафу ет!
Біздер де кірдік Сіздер кіретін есіктен…
Кеткен жоқ әлі, кепкен жоқ әлі сор табы.
Елімнің даусы шыңғырып… шықпай жүр менде.
Әлі де қорқам… Ел–жұртың әлі қорқады
Әдебиеттегі әдеби иттер үргенде…
«Қой!» – деші соған!
Сіздердей болу қайда әлі?
Олжасты көрсек бой да өсіп қалар, ой да өсіп:
Жүр мұнда менің жұртымның Пайғамбарлары
Алаштың асқақ Рухыменен сөйлесіп!
Ақсұңқарұлы Серік