ӘБДІРАМАН Ермахан

ӘБДІРАМАН ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Ұялы тел.: 8-701-736-14-21.
Эл.адрес: ermahanshaihy@mail.ru

1966 жылы 29 қаңтарда Түркістан қаласында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасында редактор, «Түркістан» газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қалалық әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Түркістан тынысы» телеарнасының алғашқы директоры, «Бикеш», «50 де 50» газеттері мен «Той-қазына» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Әр жылдары «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, «Айқын» газетінің тілшісі, меншікті тілшілер қосынының меңгерушісі, бас шолушы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, шығарушы редактор болып істеді. 2007–2009 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында қайта ашылған «Қымызхана» әзіл-оспақ отауының сценарилерін жазды. Қазір «Аннұр сапа» баспасының директор – бас редакторы. Әрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс береді.
«Ауыз тие отырыңыз», «Біртүрлі кітап», «Мынауың жынды екен», «Жатыпатар», «Шылдыр шүмек», «Аққудың сыңары», «Қазіргі қазақ сатирасы», «Ағынан жарылсақ…», «Әріп әлемі», «Сандалған сауал», «Қоңыр қажының күнделігі», «Атақты айтқыштар» атты кітаптардың авторы.
Ермахан Шайхыұлының шығармалары 3 оқулыққа және бірнеше жинақтарға енгізілді.
Сондай-ақ оның құрастыруымен «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты той кітабы және Ыбырай Алтынсариннің 2 томдық, Камал Смайыловтың 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
Сонымен бірге «Санат», «Аннұр сапа», «Қазығұрт», «Аруна», «Алтай медия» баспаларынан жарық көрген 300-ге жуық кітаптың жауапты редакторы болды.

Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың екі мәрте, Садықбек Адамбеков атындағы, сондай-ақ «Алтын қалам» сыйлықтарының лауреаты. Президент Алғысхатының, сонымен бірге «Бейбітшілік әлемі», «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығы», «Ел ардақтысы», «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Қазақстан полициясына 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Шона Смаханұлы», «Қадыр Мырзалиев», «Төлеген Айбергенов» атындағы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері. Мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның құрметті профессоры.
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.


(29.1. 1966. [[Түркістан облысы]] [[Түркістан қаласы]]) — журналист, сықақшы.<ref>»Қазақ телевизиясы», Энциклопедия, «ҚазАқпарат» Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *